13 қараша күні Алматыда журналист, блогердің сотталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Медеу аудандық №2 соты белсенді, блогер Мирболат Мырзатайұлын ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Facebook әлеуметтік желісінде түрлі ақпараттар тарап жатыр.
"Қазір ғана журналист Мирболат Мырзатайұлы 4 жылға бас бостандығынан айрылды.
Оған Қылмыстық Кодекстің 174-ші бабының 1-ші бөлігі (ұлтараздықты қоздыру)бойынша айып тағылды.
Мирболаттың төрт баласы бар, оның екеуі кәмелеттік жасқа толмағандар.
Соңғы сәтке дейін шартты жазамен босатар деген үміт болды, бірақ үміт ақталмады.
Мирболат соңғы сөзінде: ”Мені соттау - қазақ тілін соттау”-деп қадап айтты", - деп жазды белсенді Абзал Достияр.
Еске салайық, 2 қыркүйекте блогердің туыстары оның жоғалып кеткенін айтып, әлеуметтік желілерде дабыл қаққан еді. Кейін белгілі болғандай, оны құқық қорғау органдары ұстаған.
Ал 3 қараша күні журналист желідегі парақшасында жарыс сөздің басталғанын жазды.
Соңғы 10 жылда қала өте жылдам әрі ретсіз өсті. Алматының аумағы екі еседен астам кеңейді. Бірақ инфрақұрылымның дамуы әр жерде әртүрлі болып отыр.
