Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева Америка-Өзбекстан іскерлік және инвестициялық кеңесінің теңтөрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Кеңестің құрылуын 12 қараша күні президент Шавкат Мирзиёев АҚШ-қа қараша айында жасаған сапары мен «С5+1» саммитіне қатысқаннан кейін мақұлдаған еді.
Бұл кеңес бірлескен инвестициялық және сауда жобаларын дамытуға, сондай-ақ Ташкент пен Вашингтон арасында инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімді дайындауға бағытталады.
Америкалық тараптан кеңестің теңтөрағасы ретінде АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі тағайындалады.
Ұқсас жаңалықтар
Өзбек ағайындар Үстірттің Өзбекстан бөлігін ЮНЕСКО тізіміне енгізді. Біз ЮНЕСКО-ға енгізбек түгілі, тонап жатырмыз.
Қазақстан мен Өзбекстан дезинформация мен жалған жаңалықтарға қарсы күресте ынтымақтастықты күшейтеді
