Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева Америка-Өзбекстан іскерлік және инвестициялық кеңесінің теңтөрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Кеңестің құрылуын 12 қараша күні президент Шавкат Мирзиёев АҚШ-қа қараша айында жасаған сапары мен «С5+1» саммитіне қатысқаннан кейін мақұлдаған еді.
Бұл кеңес бірлескен инвестициялық және сауда жобаларын дамытуға, сондай-ақ Ташкент пен Вашингтон арасында инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімді дайындауға бағытталады.
Америкалық тараптан кеңестің теңтөрағасы ретінде АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі тағайындалады.
Related news
Those who are switching their car to gas should not forget that it will also become more expensive. Almasadam Satkaliyev