Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлаған кезде адамдарды құтқаруға тырысқан жедел жәрдем фельдшеріне денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Вице-министр Тимур Мұратов қызметкерді «біздің заманның батыры» деп атады. Оның айтуынша, нәзік жас қыз адамдардың көмекке мұқтаж екенін көріп, еш ойланбастан құтқаруға ұмтылған.
«Бұл – қазіргі медицина қызметкерлеріне тән қасиет. Ол қолдан келгеннің бәрін жасады және ең дұрыс шешім қабылдады деп есептеймін», – деді Тимур Мұратов.
Қазір фельдшер ауыр бас сүйек жарақатынан кейін ем алып жатыр. Оның көз және мұрын сүйектері, сондай-ақ басының артқы бөлігі сынған. Сонымен қатар, екінші медициналық қызметкер де жарақат алып, нейрохирургия бөлімінде емделуде.
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау саласында JCI стандарты бойынша қызмет көрсету оң жолға қойылды