Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлаған кезде адамдарды құтқаруға тырысқан жедел жәрдем фельдшеріне денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Вице-министр Тимур Мұратов қызметкерді «біздің заманның батыры» деп атады. Оның айтуынша, нәзік жас қыз адамдардың көмекке мұқтаж екенін көріп, еш ойланбастан құтқаруға ұмтылған.
«Бұл – қазіргі медицина қызметкерлеріне тән қасиет. Ол қолдан келгеннің бәрін жасады және ең дұрыс шешім қабылдады деп есептеймін», – деді Тимур Мұратов.
Қазір фельдшер ауыр бас сүйек жарақатынан кейін ем алып жатыр. Оның көз және мұрын сүйектері, сондай-ақ басының артқы бөлігі сынған. Сонымен қатар, екінші медициналық қызметкер де жарақат алып, нейрохирургия бөлімінде емделуде.
Related news
The Spiritual Capital: A law on the special status of Turkestan is under consideration in parliament