Қызылордада 15 жастағы мектеп оқушысы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Полицияның мәліметінше, оқиға бойынша кәмелетке толмағанға қасақана ауыр дене жарақатын салу фактісі тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергелу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл баласы кем емес, мүмкіндік кем»: қала мен ауыл арасындағы білім алшақтығы неге әлі жойылмай отыр?
