Фото: gov.kz
Абай облысының Мақаншы ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kz телеарнасына сілтеп.
Бұл шешімге себеп – Қабанбай ауылдық округіндегі ондаған туристік нысан орналасқан жағалаудың шайылу қаупі.
Аудан әкімінің орынбасары Әлия Сарбаева барлық төтенше қызметтердің дайындық режиміне көшірілгенін айтты. Олардың басты міндеті – қираудың алдын алу және туристік аймақты сақтау.
Билік өкілдерінің мәліметінше, төтенше жағдай режимі жағалаудың шайылу қаупі толық жойылғанға дейін күшінде болады.
Ұқсас жаңалықтар
Жетісуда құтқарушылар моторлы қайықпен тәулік бойы кезекшілік етіп, дрондар мен арнайы көліктерді пайдалануда
