Фото: gov.kz
Абай облысының Мақаншы ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kz телеарнасына сілтеп.
Бұл шешімге себеп – Қабанбай ауылдық округіндегі ондаған туристік нысан орналасқан жағалаудың шайылу қаупі.
Аудан әкімінің орынбасары Әлия Сарбаева барлық төтенше қызметтердің дайындық режиміне көшірілгенін айтты. Олардың басты міндеті – қираудың алдын алу және туристік аймақты сақтау.
Билік өкілдерінің мәліметінше, төтенше жағдай режимі жағалаудың шайылу қаупі толық жойылғанға дейін күшінде болады.
Новости по теме
Исполнение поручений Президента: вице-премьер Ермек Кошербаев проверил зоны отдыха на побережье озера Алаколь