Әлеуметтік желіде 1 қыркүйек күні Таразда кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, соның салдарынан бір жасөспірімнің пышақ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл ақпаратты Жамбыл облысы полиция департаменті растады.
Ведомство мәліметінше, жасөспірімнің өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (“Адам өлтіру”) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
“Күдікті жасөспірім оқиға ізінше қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде”, – деп хабарлады полиция департаменті.
Әлеуметтік желілердегі деректерге сүйенсек, қаза болған бала 14 жаста болған. Әрі видеода жедел жәрдемнің кешігіп келгені айтылады. Сондай-ақ жанжалдың мектеп аумағынан тыс жерде болғаны атап өтілді.
"Сіз секілділерді педагогикаға зеңбірек оғы жететін жерге жақындатпау керек!" - деген едім директорыма... Ондайлар білім саласында әлі өріп жүр...
“Мұндай педагогтің мектебімізде жүруі қауіпті!”: Журналист желіге тараған оқушының видеосына пікір білдірді