Мәдениет министрлігі Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды. Тиісті бұйрықтың жобасы Open NРA порталында жарияланды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.
Құжатқа сәйкес, олар «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» жарлықтың атауын «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» деп өзгертуді қалайды."
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Қосымша берілген мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындау қағидалары бекітілсін,» делінген жоба тұжырымдамасында.Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Мен өмірімде тұңғыш рет Тұңғыш президентке арнап бір ғана ән жаздым. 2-3 айдан кейін бе екен, көп ұзамай Президент ауысып кетті ғой... Әніме обал-ақ болды.
