Мәдениет министрлігі Тұңғыш Президент шәкіртақысының атауын өзгертуді ұсынды

3595
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/izobrazhenie_2022-07-04_094254514.png
Мәдениет министрлігі Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды. Тиісті бұйрықтың жобасы Open NРA порталында жарияланды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.  Құжатқа сәйкес, олар «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» жарлықтың атауын «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» деп өзгертуді қалайды."
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Қосымша берілген мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындау қағидалары бекітілсін,» делінген жоба тұжырымдамасында.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Комментарии