Жаңа 2022-2023 оқу жылында барлық мектепте еңбекке баулу сабақтары оқытылады. Бұл туралы сенатта өткен парламенттік тыңдауда вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.
Вице-премьердің айтуынша, мектепке қайта оралатын пән 1-сыныптан бастап оқытылады деген жоспар бар.
«Балаларды тәрбиелеу кезінде еңбекке баулудың маңызы зор. Оны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі», – дейді Тоғжанов.Бұдан бөлек, мектептерде кәсіптік бағдар беретін мамандар болады. Олар оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға септігін тигізеді.
”Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Астананың мектептері Индияның вокзалдары сияқты. Бұрын мектеп бітірген бала грантқа түссе қуанушы едік, қазір балаңа мектептен орын табылса қуанатын болдық)