"Қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы": Тоқаев Ұлттық валюта күнімен құттықтады

4106
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/b862dc9fad5c4323fbc01e54bcbd8510.jpg
Төл теңгемізге - 28 жыл. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтады,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
- Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар, экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан ары жақсарту міндеті жүктеледі, - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Қазақстанда 15 қарашада ұлттық валюта күні атап өтіледі, 1993 жылы дәл осы күні республикада теңге айналымға енгізілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments