Түрмеге шабуыл жасалып, 500 адам қашып кеткен

4810
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/zagruzhennoe-2-2.jpg
Нигерияның Ойо штатындағы түрмеге белгісіз қарулы топ шабуыл жасап, 500-ден аса адамды босатқан деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап. 
Содырлар алдымен абақты күзетшілеріне оқ атып, кейін оның қабырғасын жарылғышпен жарып жіберген. Сөйтіп 800-ге жуық сотталушы қашып шыққан. Бірақ колония қызметкерлері артынан 260-тан астамын қайта ұстады.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2007 салынған бұл түрме 160 адамға шақталған. Бірақ оқиға кезінде онда 900-ден аса адам жазасын өтеп жатқан екен.  

"Адырна" ұлттық порталы

Comments