Бір тәулікте 17 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

2157
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/7390acb2-c79e-41a9-ae22-29f8227b2e15.jpeg
Германияда бір тәулікте 17 176 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Пандемия басталғалы Германияда 2 772 401 адам COVID-19 жұқтырған. Бұл мәліметтерді Роберт Кох институты келтіріп отыр. ГФР-да бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырған 90 науқас, ал пандемия уақытында 75 870 адам көз жұмды. Сондай-ақ, Германияда карантин режимі 18 сәуірге дейін ұзартылған.
Comments