Қайыр сұраған қартқа көмектескен 10 жасар қыз «Жыл меценаты» атанды

4507
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/1db2b622-c788-476a-9590-732a939d7f75.jpeg
Ақтаудың екінші шағын ауданындағы қонақүйлердің бірінің маңында қайыр сұрап тұрған қартқа ақша берген 10 жасар Сабина Кеңесбаева «Жыл меценаты» атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл марапатты «Қызық премия – 2020» жобасының ұжымы табыстады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар ақтаулық бүлдіршінге 500 мың теңге сыйақы берді.
«Мен ол кісіге ақша бердім, өйткені оның қарны ашқан шығар деп ойладым»,-деді ол журналистерге берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, өткен жылы үйсіз кісіге әмиянындағы бар ақшаны санап берген оқушы қыз көпшілікті тәнті еткен еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments