28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Шымбұлақ тау шипажайында фристайлдан FIS әлем кубогы өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы sportburo.kz сайтына сілтеп.
Сайыс могулдар, параллель могулдар және шаңғы акробатикасы кезеңдерінен тұрады.
Жарысқа әлемнің 18-ден астам елінен мықты спортшылар қатысады, Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері, өткен кезеңдердің жеңімпаздары келеді. Ал жалпы қатысушылар саны 100-ден астам адамды құрайды.
Қатысушы елдер: Австралия, Канада, Қытай, Чехия, Испания, Финляндия, Франция, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Жапония, Корея, Швейцария, Швеция, Украина, АҚШ, Қазақстан.
Сайыстардың бағдарламасы:
25 ақпан – Командалардың ресми келу күні
28 ақпан – Могул
1 наурыз – Параллельді могул
2 наурыз – Шаңғымен акробатика
Әрбір жарыс күнінің қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Әлем кубогы кезеңі кезінде Qazsport арнасында және YouTube FIS-TV арнасында тікелей трансляция көрсетіледі.
2024-2025 жылғы маусымда FIS Әлем кубогының кезеңдері ерекше маңызға ие, себебі олар 2026 жылғы Италиядағы Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңдері болмақ. Бұл спортшылар FIS ұпайлары үшін ғана емес, сондай-ақ 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысу үшін біліктілік ұпайларын жинау үшін сынға түсетіндіктен, көрермендерді қызу тартыс күтіп тұр.
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
