Қазақстандық қажыларға жаңа талаптар енгізілді

1043
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/zam-zam-kazahstan-960x500.jpeg?token=1b083c4d224d34fa5b7ed1bee2d3fb41
Қазақстандық қажылар үшін жаңа талап енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша,  10 ақпанынан бастап Медина мен Жидда қалаларына қажылыққа немесе умраға баратын жолаушылар менингококк инфекциясына қарсы екпе алғаны туралы сертификат көрсетуі тиіс. Қажылыққа немесе ұмраға баратын азаматтар менингококк инфекциясына қарсы екпе алуы тиіс. Егер полисахаридті төртвалентті (ACYW-135) вакцина салынса, ол соңғы 3 жыл ішінде алынған және Сауд Арабиясына барудан кемінде 10 күн бұрын егілген болуы керек. Ал конъюгацияланған төртвалентті (ACYW-135) вакцина салынса, оның жарамдылық мерзімі 5 жыл және ол да сапарға шығудан кемінде 10 күн бұрын егілген болуы қажет.    
Comments