Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесін көшіру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Президент мұрағаты Алматыдан Астанаға көшеді. Үкіметке қайта орналастыруды 2025 жылдың 1 наурызына дейін аяқтау тапсырылды. Мұрағаттың жаңа орны – Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 15-үй.
Жарлық аясында мекеменің штаттағы жұмыскерлерінің санына өзгерістер енгізілді, қазір 168 адамды құрайды. Сондай-ақ, мекеме басшылары мен орынбасарларын тағайындау және босату ережелері нақтыланды.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
