Батыс Қазақстан облысының полиция бөліміннің бақылау-өткізу бекетінде полицей абайсызда қызметтік қаруымен өзін атып алған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Облыстық полиция қызметкердің қазір жансақтау бөлімінде жатқанын, мән-жайы анықталып жатқанын айтты.
"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Өзге мәліметтер, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, жарияланбайды", делінген хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, 2003 жылы туған ер адамның жағдайы өте ауыр.
Батыс Қазақстан Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 103 пультіне оқ жарақаты туралы ақпарат сағат 07:41-де түскен.
"Жедел медициналық жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Науқас шұғыл түрде операцияға жатқызылды. Қазіргі уақытта ол реанимацияда. Жағдайы ауыр", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Related news
Deprivation of the source of life. The Kyrgyz side said that they had no water and they burst out of their minds
Within the framework of the "Clean Kazakhstan" program, environmental activities continue in Akmola region
