Жыл үздіктері - 2023. Жалғасы

6319
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/a3582565-c9ed-4b06-aa22-9eb6ec4e0c1c.jpeg
“Адырна” ұлттық порталы 2023 жылдың сала үздіктерінің тағы бір қатарын тізбектеді. Бұл жол өнер, мәдениет, білім саласының үздік мамандары жасақталды. Жыл үздіктерінің екінші санының майталмандары төмендегі жандар:

«2023 жылдың үздік ұстазы» - Рысбек Мәуіт

Рысбек Мәуіт - “Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығының негізін қалаушы, математик ұстаз. Білім беру саласында бірнеше жылдан бері жанын салып қызмет етіп келеді. 2017 жылы “Үздік педагог” атағының иегері.

«2023 жылдың үздік мәдениет қайраткері» - Асқар Наймантаев

Асқар Наймантаев - қазақстандық актер, сатирик, театр және кино режиссёрі. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» медалінің иегері. Асқар ағамыз 2023 жылдың 2 желтоқсанында дүние салған болатын.

«2023 жылдың үздік этнографы» - Серік Ерғали

Қоғам қайреткері, мәдениеттанушы Серік Ерғали қазақ халқының тарих, ұлттық-құндылық турасындағы түрліше мәселелеріне белсенді пікір білдіруімен ел есінде.

«2023 жылдың үздік ғалымы» - Асқар Жұмаділдаев

Асқар Серқұлұлы - белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның академигі, 12-шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің және 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты.

«2023 жылдың үздік әншісі» - Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген - әлемге танымал қазақ жұлдызы. Бұлбұл дауыстың иесі. Қазақ атауын әлемге танытып жүрген Қазақстанның халық әртісі. “Халық әртісі” атағы Димаш Құдайбергенге 2023 жылы берілді.

«2023 жылдың үздік өнертанушысы» - Ерлан Төлеутай

Ерлан Төлеутай - қазақ өнертанушысы, дәстүрлі әнші. Төл өнерімізді дәріптеп жүрген асқан талант иесі.

«2023 жылдың үздік жазушысы» - Мұхтар Мағауин

Мұхтар Мұқанұлы тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. "Алтын Орда" деректі тарихи романын жазып бітірді, 2024 жылдан бастап "Жұлдыз" журналына басылып шығады      
Comments
Other materials