Киіктерді соятын жеті ет комбинаты анықталды

2323
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/img_5162-960x500.jpeg?token=a76b23a161e2c6e98d938e66ad4e2f89

Қазақстанда ақбөкендерді соятын жеті ет комбинаты анықталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Жалпы, киікпен Экология министрлігі айналысатынын білесіздер. Таяуда ғана ет комбинаттары айналысатыны туралы шешім қабылданған болатын. Аңшылық шаруашылығы да айналысады. Ауыл шаруашылығы министрлігі ретінде біздің жұмысымыз – ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Оның сөзінше, киік еті жеткізілетін ет комбинаттары анықталған.
«Біз жеті ет комбинатын анықтадық. Ол жерде ветеринарлар бар. Олар өнім сапасының толық сай келетіндігін анықтап, ветеринарлық қауіпсіздікке жауап береді. Ал қайда өткізіп, сататындығымызға байланысты мониторинг жүргізіп жатырмыз. Оны кейін қосымша хабарлаймыз», - деді Айдарбек Сапаров.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments