Хакерлер Астана әуежайының сайтын істен шығарды

2335
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/03/hak.jpg
Хакерлер Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайының сайтын бұзып, біршама уақытқа істен шығарды - деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі. "2019 жылы 3 наурызда сағат 00:37-де Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, сайт уақытша істен шықты. Шабуылдың жасалғаны туралы талдау және кибершабуылды зерттеу орталығының WebTotem мониторингтік жүйесі арқылы анықталды", - делінген хабарламада. Он сағаттың ішінде сайт іске қосылады деп күтілуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments