Сурет: Уикипедия
Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс студенті қаза болды. Ақпаратты ЖОО-ның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студентінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ата-анасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады»,– делінген хабарламада.
Сондай-ақ оқу орны студенттің отбасына материалдық және моральдық қолдау көрсететінін мәлімдеді. Университет әкімшілігі болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдарына көмектесіп жатқанын жеткізді.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Еске салайық, 6 қарашада журналистика факультетінің бірінші курс студенті өмірден озған еді. Аталған оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған.
Ғылым және жоғары білім министрі ҚазҰУ-дың Қылмыстық-процестік кодекс нормаларына байланысты бұл іске қатысты ақпарат тарата алмайтынын түсіндірген болатын. Министрлік өкілдері қыздың қамқоршыларымен байланысқа шыққан. Ал қажетті шығындардың барлығын университет өз мойнына алған.
Makpal Zhumabay was appointed as an adviser to the Minister of Information and Social Development of the Republic of Kazakhstan
