10 күн ішіндегі екінші өлім. ҚазҰУ-да тағы бір студенттің қазасы хабарланды

363
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2481VGa5a9v6YCBttLQvG48j7Lb5mto7WJ2IPZcM.jpg

Сурет: Уикипедия

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс студенті қаза болды. Ақпаратты ЖОО-ның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студентінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ата-анасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады»,– делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқу орны студенттің отбасына материалдық және моральдық қолдау көрсететінін мәлімдеді. Университет әкімшілігі болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдарына көмектесіп жатқанын жеткізді.

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 6 қарашада журналистика факультетінің бірінші курс студенті өмірден озған еді.  Аталған оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған.

Ғылым және жоғары білім министрі ҚазҰУ-дың Қылмыстық-процестік кодекс нормаларына байланысты бұл іске қатысты ақпарат тарата алмайтынын түсіндірген болатын. Министрлік өкілдері қыздың қамқоршыларымен байланысқа шыққан. Ал қажетті шығындардың барлығын университет өз мойнына алған.

Комментарии