Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай құттықтау жолдаған шетелдік көшбасшыларға алғыс айтты. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады»,– деп жазды президент.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин, Франция президенті Эмманюэль Макрон және Ұлыбритания королі ІІІ Карл құттықтағаны хабарланған еді.
