Тоқаев шетелдік көшбасшыларға алғыс айтты

214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lIbS5Pgj8IUWsyVC4v9W96BQCR5XrBp3QYWoemPk.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай құттықтау жолдаған шетелдік көшбасшыларға алғыс айтты. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады»,– деп жазды президент. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин, Франция президенті Эмманюэль Макрон және Ұлыбритания королі ІІІ Карл құттықтағаны хабарланған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler