ҚР сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ресми сапармен келген Израиль мемлекетінің сыртқы істер министрі Гидеон Саармен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Кездесу барысында саяси диалогтың қазіргі ахуалы, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстар, туризм, ғылым, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе алмасу, технологиялық трансфер мәселелері қаралды.
Сапар аясында екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының саяси консультацияларының 12-ші раунды өтті. Қазақстан мен Израиль өкілдері халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді, соның ішінде Таяу Шығыста бейбіт процеске қолдау көрсету және сенімді нығайтуға бағытталған бастамаларды талқылады.
Ермек Көшербаев екі елдің дипломатиялық қатынастары 1992 жылдан бері өзара құрмет пен сенімге негізделгенін, қазіргі кезеңдегі серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін атап өтті. Ол сауда, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты, сонымен қатар агротехнология, тамақ өнеркәсібі, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия салаларында бірлескен жобаларды дамытуға Қазақстанның мүдделі екенін жеткізді.
Израиль СІМ басшысы өз кезегінде экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға дайын екенін растады.
Келіссөз қорытындысы бойынша Дипломатиялық кадрларды даярлау және Қоғамдық дипломатия саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар, сондай-ақ туризмді дамыту және визалық жеңілдіктер енгізу мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды.
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended