Қазақстан президенті 2026 жылғы 26 қаңтарда жаңа дәуірде барлық салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу жұмысымен белсенді түрде айналысу қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар, қоғамға, жалпы елімізге заң үстемдігі, тәртіп мықтылығы ауадай қажет деп айтты.
"Кейбір шет елдерде болып жатқан қазіргі өте күрделі ахуалды көріп, бұл саясатымыздың дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетіп отыр, оған ешқандай күмән жоқ. Заң мен тәртіп мемлекеттік саясатымыздың негізгі қағидаты ретінде қабылдануы керек, бұл қағидатты жаңа Конституциямызға міндетті түрде енгізу қажет деп санаймын. Себебі бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, өміршең қағидат екені даусыз. Бас прокуратураның осы саладағы рөлі аса маңызды. Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына бейтарап, селқос қарауға құқығы жоқ".Мемлекет басшысыСондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке енгізілген барлық цифрлық шешімдерге талдау жүргізіп, тексеру тапсырмасын берді.
Одан бөлек, Тоқаев құқық қорғау органдарын цифрландыру үдерісінің біріздендірілмегенін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы азаматтардың дербес деректерін қорғау қажет екенін айтты.
"Ақпараттық кеңістікте азаматтардың дербес деректері жарияланып кеткені туралы хабар жиі шығып жатады. Дербес деректерді барынша қорғау үшін бұл жұмыспен жүйелі түрде айналысу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.