23 қаңтарда Абу-Дабиде Украина, АҚШ және Ресейдің дипломатиялық делегациялары кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы CNN-ге сілтеп.
CNN мәліметінше, кездесуге қатысты ақпаратты Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram-арнасында жариялаған.
«Украиналық өкілдерден маған сағат сайын дерлік баяндама келіп түсуде. Олар қазір Әмірліктерде, украин, америкалық және ресейлік делегациялар арасында әңгіме болды. Бұл өте маңызды, себебі мұндай үшжақты форматтағы кездесулер ұзақ уақыт болмаған еді», – деді Зеленский.
Мемлекет басшысы украин делегациясы үшін келіссөздердің нақты шекарасын айқындап бергенін атап өтті.
Айта кетейік, Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кездесу туралы хабарлаған еді.
Related news