Көбі – Ресей. Ал Орталық Азиядан ешкім жоқ. Былтыр Қазақстанда қай елден қанша журналист тіркелді?

127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LyWzBnoUYKbvwjnIYiF5ipqWgWhCYJpVC3Y6EnBk.webp

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (СІМ) аккредиттелген шетелдік БАҚ өкілдерінің ішінде көбі Ресейге тиесілі болып шықты, деп хабарлайды “Адырна”.

2025 жылдың мәліметі бойынша, елімізде жалпы 11 елден 33 БАҚ-қа өкілдік ететін 137 журналист тіркелген. Олардың ішінде ең көбі ресейлік БАҚ, ең азы жапониялық БАҚ болып шықты. Ресейден кейінгі орында Германия тұр. Одан кейін Қытай БАҚ-ы өкілдері тіркелген. Бір қызығы Орталық Азия елдері БАҚ-ынан ешкім тіркелмеген. Ал тіркелген түркиялық БАҚ өкілі бар-жоғы 4 адам болып шықты. 

Әр елден тіркелген журналистер саны:

  • Ресей– 39;
  • Германия– 21;
  • Қытай – 20;
  • АҚШ – 15;
  • Франция – 14;
  • АҚШ/Чехия – 12;
  • Ұлыбритания – 4;
  • Әзербайжан – 4;
  • Түркия – 5;
  • Жапония – 2.

Ең көп журналист тіркелген елдер: Ресей – 39, Германия – 21, Қытай – 20.

Ал ең аз журналист тіркелген елдерге Жапония – 2 журналист ,Әзербайжан және Ұлыбритания, әрқайсысынан 4 журналист жатады.

Қазақстандағы шетелдік БАҚ өкілдерінің 6 айда бір аккредитациясы қайта қаралып, ұзартылып тұрады. Шетелдік БАҚ өкілдерінің ішінде Қазақстан азаматтары да баршылық. Азаматтығының қай елге тиесілі болғанына қарамастан, соның бәрі Сыртқы істер министрлігінен тіркеуден өтеді. 

Comments