Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (СІМ) аккредиттелген шетелдік БАҚ өкілдерінің ішінде көбі Ресейге тиесілі болып шықты, деп хабарлайды “Адырна”.
2025 жылдың мәліметі бойынша, елімізде жалпы 11 елден 33 БАҚ-қа өкілдік ететін 137 журналист тіркелген. Олардың ішінде ең көбі ресейлік БАҚ, ең азы жапониялық БАҚ болып шықты. Ресейден кейінгі орында Германия тұр. Одан кейін Қытай БАҚ-ы өкілдері тіркелген. Бір қызығы Орталық Азия елдері БАҚ-ынан ешкім тіркелмеген. Ал тіркелген түркиялық БАҚ өкілі бар-жоғы 4 адам болып шықты.
Әр елден тіркелген журналистер саны:
- Ресей– 39;
- Германия– 21;
- Қытай – 20;
- АҚШ – 15;
- Франция – 14;
- АҚШ/Чехия – 12;
- Ұлыбритания – 4;
- Әзербайжан – 4;
- Түркия – 5;
- Жапония – 2.
Ең көп журналист тіркелген елдер: Ресей – 39, Германия – 21, Қытай – 20.
Ал ең аз журналист тіркелген елдерге Жапония – 2 журналист ,Әзербайжан және Ұлыбритания, әрқайсысынан 4 журналист жатады.
Қазақстандағы шетелдік БАҚ өкілдерінің 6 айда бір аккредитациясы қайта қаралып, ұзартылып тұрады. Шетелдік БАҚ өкілдерінің ішінде Қазақстан азаматтары да баршылық. Азаматтығының қай елге тиесілі болғанына қарамастан, соның бәрі Сыртқы істер министрлігінен тіркеуден өтеді.