Елорда клубын ірі бизнесмен қолдамақ

68
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kGf7BhaBaLUelSu0o66qKVyjhQrTXmwUkaRLhAdS.jpg

Елордадағы «Астана» футбол клубы BI Group компаниясының негізін қалаушы Айдын Рахымбаевтың қолдауына ие болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үкіметтегі брифинг барысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов "Астана" клубына қызығушылық танытқан инвестор бар екенін хабарлаған еді.

"Біз қазір белсенді түрде жұмыс істеп жатырмыз, инвестор бар. Алайда рәсімдер толық аяқталғанға дейін оның кім екенін жариялай алмаймыз. Дегенмен инвестордың бар екенін нақты айта аламын", — деген Ербол Мырзабосынов.

Ведомство басшысы коммерцияландыру клубтың қаржылық тұрақтылығын арттырып, кәсіби менеджментті дамытуға және спорттық нәтижелерді жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әлеуметтік желіде бірнеше автор кәсіпкер Айдын Рахымбайдың клубтың дамуына инвестиция салуға келісіп, заманауи футбол академиясын салуды жоспарлап отырғаны туралы жарыса жазған. Сонымен қатар, клубты ұстауға және инфрақұрылымды дамытуға қаржы бөлінбек.

Бұдан бөлек, БАҚ мәліметінше, «Самұрық-Қазына» қоры 2026 жылға арналған бюджеттен клубқа бірнеше миллиард теңге бағыттауды көздеп отыр. Бұл қаражат «Астананың» Қазақстан Премьер-лигасында чемпиондыққа таласуына мүмкіндік береді.

 

Comments