Украинада бұрынғы премьер-министр Николай Азаров сырттай 15 жылға сотталды. Бұл туралы «Судебный репортер» басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Киевтің Печерск аудандық соты экс-премьер-министрді мемлекеттік опасыздық және конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер бойынша кінәлі деп таныды», — делінген хабарламада.
Сот оның мүлкін тәркілеуге үкім шығарды.
Тергеу нұсқасы бойынша, Азаров өзінің Telegram-арнасын «ресейлік пропаганданы тарату» үшін пайдаланған.
Бұған дейін Украина Ингушетия басшысы Махмуд-Али Калиматовты да сырттай соттаған еді. Ол «Украинаның шекараларын өзгертуге бағытталған әрекеттерді қаржыландыру» бойынша айыпталып отыр.
Айта кетейік, Николай Азаров 2010-2014 жылдары Украина премьер-министрі қызметін атқарған болатын.
Free education will be paid by the war. It was said that in Russia, students going to the war study for free