Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына барды

2477
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/kz4-8639-960x500.jpg?token=ceb12adf915c4a8533751bbffe67f8ab
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Президентті өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады. Түстен кейін Президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.  

 «Адырна» ұлттық порталы.

Comments