Қазақстан ішімдікке тәуелді елдер қатарында 11-орында тұр

4037
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/cropped-close-up-of-a-man-drinking-beer-at-the-home.jpg
Қазақстан ерлер арасында ішімдікті жиі пайдаланатын 182 елдің ішінде 11-ші орын, ал әйелдер арасында 19-шы орынды иеленді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.  Қазақстанда ерлер арасында алкогольге тәуелділік деңгейі 9,52%, әйелдер арасында - 1,48% құрады. Ерлер арасында алкоголь ішу бойынша алғашқы үштікке Ресей, Венгрия және Литва мемлекеттері енсе, әйелдер арасында Австралия, Ресей және Колумбия елдері кірді. Energyprom сарапшылары анықтағандай, 2021 жылдың қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда алкоголь өнімдері сегментінде арақ өндірісі бірден 60,3%-ға яғни 5,7 млн литрге дейін өскен. Плюс және Бренди өндірісі 6,3%, яғни 1,8 миллион литрге дейін, шарап өндірісі жылына 3,5%-ға 2,7 млн литрге дейін, сыра 2,5%-ға 91,1 млн литрге дейін қысқарған. Коньяк пен жүзім шарабы өндірісінің ең үлкен көлемі Алматы облысында, арақ – Ақмола облысында, сыра – Алматы  қаласында көп өндіріледі екен.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments