Home » Жаңалықтар » Қарағандыда шығатын газет келмеске кеткен Кеңес үкіметін аңсай ма?

Қарағандыда шығатын газет келмеске кеткен Кеңес үкіметін аңсай ма?

Әлеуметтік желі қолданушысы Қарағанды облысынан шығатын «Индустральная Караганда» газетінің бірінші бетінде тұрған СССР гербіне наразылық білдірді. 

Басылымның өзгеден ерек болуының себебін көпшіліктен сұрады. Бұған қоса, «Əлде бұл кеншілер қаласына келмеске кеткен Кеңес үкіметі оралады деген жымысқы ойды қоздатып, бодандықты көксегендердің әрекеті ме? Осы уақытқа дейін ауыстырмауына не себеп болды? «Рухани жаңғырып» жатқан облыстың идеологиясына жауаптылар ай қарап отыр ма?» — деген сауалдарына жауап іздедік. «Индустральная Караганда» газеті бас редактордың орынбасары Гүлнар Ысқақоваға хабарластық. Ол: «Жоқ, біз ешқандай да Кеңес үкіметін аңсап жүрген жоқпыз. Ондай ой тіпті де басымызға келмепті. Бұл белгінің басылымымыздың бірінші бетінде тұруының өзіндік себебі бар. Газетіміз 1931 жылдан бері шығып келеді. Осы уақытқа дейін мұрты бұзылмай келе жатқан біздің басылым ғана. Осы орайда, СССР кезінде «Қызыл Ту» орденімен марапатталдық. Бұл соның дәлелі ретінде ғана қойылған белгі. Егер бүгінгі бейбіт заманда тағы бір төсбелгі алар болсақ, оны да жанына қосып қоятын боламыз» — деп жауап берді.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Семей консервіленген өнімдерді Мәскеуге экспорттауда

Семей қаласы Ресей Федерациясына 60 мың тонна ет өнімдерін экспорттады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қалалық ...