Мәскеу полицейлері соғысқа қарсы жыр оқыған ақынды гантельмен ұрып жықты

4735

Мәскеуде қоғам белсендісі мен ақынды полиция гантельмен ұрып-cоғып, қоқан-лоқы көрсеткен деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Владимир Маяковский оқуларында әскери іс-қимылға қарсы жыр оқыған ақын жазықты болды. Ақынға және өзге де екі қоғамдық белсендінің үйіне бір топ полиция қызметкері баса-көктеп кіріп, оларды гантельмен ұрып-cоққан. Видео арқылы көпшіліктен кешірім сұрауға мәжбүрлеген. Тұтқынға түскен  азаматтың бірі оларды 5 полиция қызметкерінің бірігіп соққанын,  жүзіне желім құйғанын,  шашын жұлып, тепкінің астына алғанын жеткізді.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
相关新闻