т

42532
Adyrna.kz Telegram

Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Еске салайық, бұған дейін ол денсаулық сақтау вице-министрі болған еді.

Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын "дәрігер-педиатр" мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері" мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін "МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.

1994 жылдан 1999 жылға дейін — Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі.

1999-2001 жылдары — Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

2001-2005 жылдары — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2005-2006 жылдары — Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2008-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.

2017 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
编辑推荐
其他材料