Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны баласымен бірге 12-қабаттан секірмек болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ағымдағы жылдың 22 қазанында сағат 17.30-да Кубрин көшесінің бойында полиция капитаны Қайрат Нариманов биік ғимараттың балконында 12-қабаттан секірмек болып тұрған әйелді байқаған. Ол таянышқа отырып алып, баласымен бірге секірмекші болған. Полиция қызметкері бірден әрекет етіп, кіреберіске жүгіріп, жоғары қабатқа көтерілген. Осылайша әйелді өзіне қарай жұлқып тартып, ұстап үлгерген»,– делінген хабарламада.
21 жастағы жас әйелдің мұндай келеңсіз жағдайға баруына отбасылық жанжал себеп болғаны анықталды. Оның қолында бір жарым жасар баласы бар болған.
«Адырна» ұлттық порталы