Ұшқышсыз аппарат жауған көктем. Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

605
Adyrna.kz Telegram

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Батыс Қазақстан облысы аумағына үш белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратыныңтабылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша бұл фактілер бойынша тиісті мемлекеттік органдар тергеу жүргізіп жатыр.

"Егер қажеттілік туындаса, тергеу нәтижелері бойынша қосымша шаралар қабылдаймыз, ", – деді Жазықбаев.

Ол Бөкей ордасы ауданында Ресей Федерациясы жалға алған сынақ полигоны бар екенін еске салды.

"Бұл жерде тек ұрыс алаңы ғана емес, әуе кеңістігі де бар. Мүмкін, бұл техникалық ақаулықтан туындап, белгіленген аймақтан шығып кеткен болар. Халықты алаңдамауға шақырамын. Тергеу аяқталғанша нақты ештеңе айтуға болмайды. Нәтижелер бойынша шара қабылдап, қосымша хабарлаймыз", – деп қорытындылады Жазықбаев.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстан аумағынан табылған дрондардың кімге тиесілі екені туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Қазақстаннан белгісіз үш ұшқышсыз ұшу аппараты табылды. Біріншісі Батыс Қазақстан облысы Ұялы ауылынан, екіншісі 18 наурызда Тасқала ауданынан, үшіншісі Жәнібек ауданынан табылған еді. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер