Өскеменде жаңа жұмыс кестесі енгізілді

260
Adyrna.kz Telegram
фото: Kyzylorda News
фото: Kyzylorda News

20 наурыздан бастап Өскемен қаласындағы мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар жаңа жұмыс кестесіне көшеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы қала әкімдігінде өткен жиында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов мәлімдеді.

Жаңа кестеге сәйкес, енді жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, ал түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді.

Бұл өзгеріс облыстың барлық қала және ауданында енгізіліп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.

Жаңа жұмыс уақытына көшу мәселесі бойынша өткен жиынға мемлекеттік ұйымдардың өкілдерін қоса алғанда, 300-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар жаңа кестенің тиімділігін атап өтіп, бұл шешімді қолдайтындарын білдірді.

Өскемен – Шығыс Қазақстан облысында жаңа жұмыс режимін енгізген соңғы қала болды.

Шығыс Қазақстан облысындағы барлық 11 ауданның жаңа жұмыс кестесіне ауысқаны туралы жазған едік.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер