Мұхтар Жәкішевтің соты: Халықтың талабы орындала ма?!

1716

Бүгін Мұхтар Жәкішевті мерзімінен босату жөнінде сот отырысы өтіп жатыр деп жазады adyrna.kz  ұлттық порталы. Сот отырысына Мұхтар Жәкішевті қолдауға 50-ге жуық адам келді. 

Сот барысында Мұхтар Жәкішевтің адвокаты денсаулығының нашарлығы және кінәсіздігі жөнінде түрлі деректер келтірілді. Мұхтар Жәкішев отырған колонияның басшылығы мен дәрігерлері босатылуын қалап отыр. Ал Жәкішевтің өзі "Мені айыптауларың негізсіз" деуде. Енді соңғы сөзді сот айтады!

Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Жәкішев 2009 жылдың мамыр айында өзі басқаратын «Қазатомпром» компаниясының Астанадағы кеңсесінде тұтқындалды. Арада үш күн өткенде «мемлекет мүлкін жеке мақсатына пайдаланып, Қазақстанның ірі уран кен орындарынан оффшордағы фирмалардың мүддесі үшін «доля» алды» деген айып бойынша қамауға алынды. Жәкішев содан бері түрмеде әлі отыр.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket