Түркияда жантүршігерлік жол апатынан 11 адам қаза тапты

1390
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Түркияның оңтүстік-шығысында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, апат салдарынан 11 адам қаза тапты. Бұл туралы 26 мамырда Нalktv телеарнасы Х әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Halk TV телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Мерсин қаласында болған.

Мәліметті Мерсин губернаторы Али Гамзу Пехливан растады.

“Губернатор Али Гамзу Пехливан автомагистральда автобуспен бірнеше көлік соқтығысқан жол апатында 11 адам қайтыс болыпп, 30 адам жарақаттанғанын мәлімдеді”, - делінген хабарламада.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өз кезегінде апаттың себептерін жан-жақты тексеруді тапсырғанын айтты.

 Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы жергілікті азаматтар.

Пікірлер