Ресмилер Мәскеудегі күдікті Душанбеде жоқ етті. Тәжікстан өзінің кей азаматына ара түсті

1495
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік БАҚ-та тараған Мәскеудегі лаңкестік әрекетке күдікті делінген тәжікстандық үш азаматтың қылмысқа қатысы жоқ екені айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Бұл туралы Тәжікстанның ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, Ресейде күдікті деп аталған Риводжиддин Исломов пен Махмадрасул Насриддинов «2023 жылдың 26 ​​қарашасында Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына келген және тұрғылықты мекен-жай бойынша тұрып жатыр».

Ведомство олардың суреттерін де жариялады.

Тағы бір азамат Рустам Назаров «қазір Самарада такси жүргізушісі болып жұмыс істейді», - деп түсіндірді ішкі істер министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Ресейдің Крокус Сити Холлында белгісіз біреулер ірі теракт жасаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, ондаған адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған. Крокус Сити Холлдағы терактіге байланысты Қазақстан азаматтары үшін сенім телефоны ашылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атынан Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекетті қатаң айыптады. Айта кетейік, Украина лаңкестік әрекетке қатысы жоқтығын бірден мәлім етті.

Ал 7 наурызда Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі "Мәскеудегі синагогаға жасалмақ шабуылдың алдын алдық" деп, ықтимал атыста Қазақстанның екі азаматы қаза тапқанын жариялаған. Ресей жағының мәліметінше, «Вилаят Хорасан» тобының (Ислам мемлекетінің ауғанстандық тармағы болуы мүмкін) мүшелері Мәскеудегі синагогаға қарулы шабуылға оқталған. Олар Калуга облысындағы жеке үйлердің бірінен табылған. Тұтқындау кезінде күдіктілер «қарсылық көрсетіп» оқ атылған. Салдарынан "лаңкестік әрекетке дайындалды" деген екі күдікті – Қазақстан азаматтары, 35 жастағы Сәбит Әшіралиев пен 32 жастағы Жәнібек Тасқұлиев қаза тапқан.

Пікірлер