Өрісі кеңейген туған тіл. Telegram-ның мәзіріне қазақ тілі қосылды

2476
Adyrna.kz Telegram

Telegram желісі қазақша сөйледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Telegram әлеуметтік желісінің мәзіріне қазақ тілі қосылды.

«Telegram-ға iOS және Android арқылы немесе web нұсқасына кірсеңіз, қазақ тілі ресми түрде енгізілгенін көресіз. Айта кету керек, кеше ғана Сенат бекіткен "Онлайн платформа және онлайн жарнама" туралы заң жобасында да дәл осы мәселе қарастырылған. Заңнама қабылданса, енді әлемдік әлеуметтік желілер интерфейстері мен мәзірлерін қазақшалауы керек», – деп жазды Дархан Қыдырәлі.

Сонымен қатар министр бұл мәселені халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесулерде де көтеріп жүргенін айтып, жаhандық желілер қазақша сөйлейтін күн алыс емес екенін атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер