Синоптиктер Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жариялады

2846
Adyrna.kz Telegram
Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Синоптиктер Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с, 26 желтоқсанда түнде екпіні 25 м/с-қа дейін барады. Тараз қаласында бұл күні кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады Қазгидромет.

Түнде Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші облыс орталығында 15-20 м/с болады деп күтіледі. Түнде Қызылорда қаласында шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с болады.

Оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аймақтарда екпіні - 15-20 м/с жетеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер