Президент Қ.Тоқаев мұғалімдерге арналған арнайы бағдарлама әзірлеуді, алдағы уақытта гуманитарлық емес, техникалық мамандықтарды көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Басымдық сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге берілуі крек. Бұл — бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы. Мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: "Мұғалім – мектептің жүрегі". Сондықтан мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.
Сондай-ақ, Президент жоғары білімнің қолжетімділігі мен университеттердің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешуді тапсырды.
"Адырна" ұлттық порталы