Ертең, 11 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныс енгізеді. Бұл туралы ол ҰҚШҰ лидерлерінің онлайн саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
- Ертең парламентке үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныстар енгіземін, - деді мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, елдегі бүліктен кейін 5 қаңтарда Тоқаев өз жарлығымен үкіметті отставкаға жіберді. Премьер-министр міндетін Әлихан Смайылов атқарып жүр.
"Адырна" ұлттық порталы