Бекболат Тілеухан кешірім сұрады

7050
Adyrna.kz Telegram

Парламент мәжілісінің экс-депутаты Бекболат Тілеухан барша әріптесінен кешірім сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қадірлі Нұрлан Зайроллаұлы! Асыра мақтап айтыпсыз. Осы мақтауға лайықты екеніме күмәнім бар. Десе де, ағалық ниетіңізге, әріптестік көңіліңізге шын жүректен алғыс білдіремін. Тұлпардай болып топқа қосқан Елбасыға рақмет. Нұрағамыздың бастаған жолын ары қарай жалғастырып отырған мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының осы қамқорлығына, марапаттарына шексіз алғысымды білдіремін. Артық айтқан сөзіміз бен жаза басқан жеріміз болса, әріптестерімнен кешірім сұраймын, ғафу өтінемін. Істеріңізге береке тілеймін. Тәңірдің рақымы болсын, сіздерге!»— деді ол.

 

Пікірлер